Хромтауда шахтерлар марапатталды
Хромтауда Казхром мәдениет үйінде шахтерлар күніне орай Eurasian Resources Group (ERG) өз қызметкерлерін марапаттады.

“Әлемде шахтерлар мен металлургтер еңбегінен асқан ауыр жұмыс түрі жоқ, сол үшін сіздердің еңбектеріңізді елемеу, көрмеу мүмкін емес. Бүгін сіз бен біз үшін айтулы мереке, осы сәтті пайдалана отырып сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат, еңбекте жеміс тілеймін”, – деді ERG Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.

Сонымен қатар шахтада ұзақ жыл еңбек етіп, өмірінің жартысынан көбін ауыр жұмысқа арнаған қызметкерлеріне өз қолымен алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табыстады.
Мерекеге орай өз саласы бойынша үздіктер, кәсібін адал атқарып жүрген 44 қызметкер ақшалай және корпоративтік марапаттарға ие болды.

Кеште әсем ән, әуезді музыка ойнап, қуанышты қызметкерлердің көңілін одан ары еселей түсті.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ