Алматылық ару сұлулық салонында қасын боятқаннан кейін ауруханаға түсті

Алматылық Зере Төрехан сұлулық салонынан кейін ауруханадан бірақ шықты. Қасын хнамен боятқан аруда Квинке ісігі пайда болып, екі апта бойы ем қабылдаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

хна бояу

Бояудан кейін Зеренің қасының орны қышып, қызарып бөртпе пайда болған. Ол сол күні сұлулық салонына барып ісігін көрсетеді. Алайда, ондағылар көмектесе алмаған соң, салон әкімшілігімен бірге емханаға кеткен. 

«Дәрігер аллергиядан Квинке ісігі пайда болғанын айтты. Дерматит деген диагноз қойды. Бірақ сұлулық салоны менен кешірім сұраған жоқ. Керісінше, өзімді кінәлады. Оларға барғанда қасымды хна бояуымен бірінші рет боятқалы жатқанымды айтқан болатынмын», – дейді жәбірленуші. 

Сұлулық салоны қыздан кешірім сұрамағанымен, емге кеткен 18 мың теңге төлеген. Бірақ сот әлі де жалғасып клееді. 

«Анита» сұлулық салонының басшысы Анита клиенттің еміне ақша бергенін және енді ешнәрсе бермейтінін айтты. Алайда, заңға сәйкес менің қорғаушым материалдық және моральдық тұрғыдан өз құқығын білдіре алады», – дейді заңгер Индира Әлімжанова.

Аппелияциялық тыңдауға келмеген сұлулық салонының заңгері барлық шыққан шығын клиенттің мойнында екенін айтады. 

«Сұлулық салонына Төрехен өз аяғымен келді, қалауы бойынша қасын боятты. Сондықтан бұны шағым деп қабылдау керек», – дейді айыпталушының қорғаушысы Анар Құсайынова.

Сондай-ақ, оның айтуынша сұлулық салонының қызметкері клиенттің аллергиясы бар ма, жоқ па оны сұрауға міндетті емес. Өйткені қас бояу медициналық препаратқа жатпайды. 

Ал 25 жылдық еңбек өтілі бар дермотокосметолог Сәнім Оспанова хна бояуы аллергиялық реакция тудыратынын айтады. Тіпті мұндайда адам өліп кетуі де мүмкін екен. Сол себептен маман әр клиент өз денсаулығын ойлауы қажет екенін ескертті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр