ХҚКО қызметкерлері қазақстандықтардың құжаттарын үйлеріне жеткізіп береді
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері қазақстандықтарға құжаттарын үйіне апарып береді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Халыққа ыңғайлы басқа шешімдерді де енгізіп жатырмыз. Мысалы, ХҚКО қызметкерлері дайын құжаттарды жеткізіп береді", - деді Бағдат Мусин.
Сонымен қатар, оның сөзінше, ХҚКО-ның операторын банктердегі жеке менеджерлер сияқты кеңсеге шақыру арқылы қызмет көрсету тетігін іске қосу жоспарланған.
Бұған дейін енді Қазақстанда көлікті онлайн сатып алып, үйден шықпай автонесие рәсімдеуге болатыны хабарланды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі