"Хайп жасап, қарғыс естіді": Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендер көпшіліктің ашуын туғызды (видео)
Желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Видеоға түсініктемені идея авторы беріп, халыққа басу айтты.
“Біздің билеген биіміздің видеосын көрген жұрт маған шабуылдап, неше түрлі хейт жазып жатыр. Мен өзім қазақпын. Ата-анам да – қазақ. Алматы қаласында туып-өстім. Кәсіби бимен айналысамын. Бұл туындыны да шығармашылық деп түсініңіздер! Қарапайым адамдар мен шығармашылықпен айналысатындардың арасы жер мен көктей. Олар біздің ойлау жүйемізді түсінбейді. Сосын жаман сөздер жазып, балағаттайды. Шығармашыл адамдар басқа көзқараста өмір сүреді. Менің ойым салт-дәстүрімізді қорлау емес, оның таным-түсінігін кеңейту. Басқа арам ой болған жоқ”, – деді Әлішер Сұлтанбекұлы.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бишілерді аяусыз сынап жатыр.
“Ұлттық дәстүрімізді қор қылды-ау”, “Енді жетпегені осы еді”, “Феминизмді насихаттап тұр”, “Шығармашылығы шектен шықты”, “Арзан хайп жасап, қарғысқа ұшырадың”, “Қазақтың киіз үйі мен киімін қорлады”, – деп жазып жатыр көпшілік.
Айта кетейік, бұғані дейін "Ою-өрнегімізді қор қылды" деп Snoop Dogg-пен ән салған KeshYou тобының образы сынға қалғанын жазған едік.