Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХАМАС өкілі Мәскеуге келді: Израиль бұл сапарды терроризмді қолдау әрекеті деп айыптады

Палестиналық ХАМАС радикалды қозғалысының өкілдері Мәскеуге келіп, ресейлік дипломаттармен кездесті. Израиль Сыртқы істер министрлігі бұл сапарды айыптап, Ресей Федерациясынан ХАМАС өкілдерін елден шығаруға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: uchenitsa-iya.livejournal.com

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Палестина қозғалысының өкілдері Мәскеуде сапарда екенін растады. 

"ХАМАС саяси бюросының мүшесі Әбу Марзукпен бірге Газа секторында орналасқан шетелдік кепілге алынғандарды босату бойынша ресейлік желіні жалғастыру мақсатында байланыстар жүргізілді. Сондай-ақ Палестина анклавының аумағынан ресейлік және басқа да шетелдік азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды", - деді ол. 

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Катарға сапары барысында ХАМАС-тың саяси басшылығымен кездескенін айтты. Оның сөзінше, ол да қозғалыс өкілдерімен кепілге алынғандар мәселесін талқылаған.

Израиль ХАМАС қозғалысының бұл сапарын айыптады.

"ХАМАС - ДАИШ-тен де нашар лаңкестік ұйым. ХАМАС-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің қолы өлім жазасына кесілген және өртелген 1400-ден астам израильдіктің қанына боялған. Олар 220-дан астам израильдіктің, соның ішінде сәбилердің, балалар, әйелдер мен қарт адамдардың ұрлануына жауапты. Израиль ХАМАС-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің Мәскеуге баруын айыптайды. Бұл лаңкестікке қолдау көрсету актісі. Біз Ресей үкіметін ХАМАС лаңкестерін дереу шығаруға шақырамыз", - деді израильдік Сыртқы істер министрлігінің өкілі Лиор Хаят.

Ресей елшілігінің мәліметінше, палестиналық-израильдік қақтығыстың шиеленісуі кезінде 20 ресейлік қаза тауып, екеуі кепілге алынған, жетеуі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Талқылау