Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Halyk Bank-тің клиенттерге кеңес беретін қызметкерінен коронавирус анықталды

Алматыдағы Halyk Bank ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Halyk Bank

"Біз көпшілікке COVID-19 коронавирус жұқпасының анықталған жағдайларының бірі банк ғимараттарының бірінде консультациялық қызмет көрсететін сыртқы ұйымның қызметкеріне тиесілі екені туралы хабарлауды қажет деп санаймыз", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы жауап алгоритміне сәйкес, науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер қазіргі уақытта оқшауланған және карантинге жатқызылған.

"Банк қазірдің өзінде клиенттер мен қызметкерлер денсаулығының барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған теңдессіз шаралар қабылдады. Кеңселік үй-жайлар мен бөлімшелерді үнемі санитарлық тазарту жүргізіледі. Банк бөлімшелері мен банкоматтар әдеттегі тәртіпте жұмыс істейді, барлық операциялар клиенттерге қолжетімді", - деп атап өтті Halyk Bank.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 9 адамнан коронавирус анықталды, оның 7-еуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда тіркелді.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының Ақкөл қаласында коронавирус жұқтырған елорда тұрғындары туралы жалған хабардың авторы және таратушысы анықталғаны хабарланды.

Талқылау