AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық санағын желеу еткен алаяқтар тұрғындардың түрін сканерлеп, несие алуда": Желіде ақпарат тарады

Қазақстандықтар мессенджерде халық санағын желеу етіп, бейнебайланыс арқылы қоңырау шалып, адамның бетін сканерлеп, олардың атына несие алатын алаяқтар туралы аудиожазбамен бөлісуде. Алайда ішкі істер министрлігі мұндай фактілер тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандықтар WhatsApp-та таратқан хабарламада бір әйел Шахан, Ақтас және Қарағандыда алаяқтардан зардап шеккен үш адам туралы айтады.

Оның айтуынша, алаяқтар бейнеқоңырау шалып, бірнеше сұрақ қояды, осы уақытта адамның бетін сканерлеп, оның атына бірнеше несие алады.

ІІМ мұндай фактілердің тіркелгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қарағанды облысының ПД өтіп жатқан "Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы – 2021" желеу етіп жасалған алаяқтық іс-әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істер тіркелген жоқ", – делінген хабарламада.



Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі азаматтарға банк шоттарының қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін ескертеді: 

  • парольдерді үнемі өзгертіп отырыңыздар, ол күрделі болуы тиіс;
  • төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосу керек: смс растау, IP-мекен жайды бақылау, 3D-secure және тағы басқа да. 

“Егер алаяқтардың құрбаны болғаныңызды түсінсеңіз, бірінші кезекте банкке хабарласып, алаяқтық әрекеттер нәтижесінде болған ақша қаражатының қозғалысына байланысты барлық операцияларды бұғаттауға тырысыңыз. Алаяқтармен жүргізілген барлық хат-хабарларды, сондай-ақ өзіңізге қатысты жасалған қылмысты ашуға ықпал ететін ақпаратты сақтаңыз. Тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімшесіне хабарласыңыз. Сонымен қатар ресми ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер", – деп хабарлады ведомстводан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр