Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халық аурушаң ұлын емдей алмай отыр": Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік сыйлаған Мадина Садуақасованы сынап тастады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат сыйлық әперген әріптесі Мадина Сәдуақасованы сөкті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Айта кетейік, өнер иесі құны 42 миллион теңге тұратын су жаңа көлікті ұлының туған күніне сыйлаған еді. 

“Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялып жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүрген. Бір көше жетпей тоқтап, жаяу қатынапты. Маған да, “Мама, машинаны инстаграмға салмашы” дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдей алмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ”, – деп жазды әнші.   



Еске салайық, өнер иесінің ұлы жеке парақшасына жазба жариялап, көліктің маркасын да айтып үлгерген еді. 

"Құттықтауларыңызға рақмет! Lexus RX 350! 2024 жылы шыққан. Анам түрлі қалаларда, әкем жұмыста. Ал маған мектепке, түрлі жұмыстармен көп жүру керек. Ескі көлікті жаңартып берді", – деп жазды өнер иесінің ұлы Әнуар. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Бұған дейін Мадина Сәдуақасова ұлының туған күнін футбол тематикасында ұйымдастырғанын жазған едік. 

Талқылау