Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халал тағам емес, нағыз зиянкестер": Депутат Ерлан Саиров үкіметтен елімізде шегірткелердің көбеюіне назар аударуды сұрады

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров өзінің депутаттық сауалында үкіметтен Қазақстанға шегіртке басып кіруіне назар аударуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжіліс

Депутат премьер-министрдің орынбасарына шегірткенің халал екенін айтқанын еске түсіріп, елдегі жағдайдың алаңдататынын алға тартты. Айтуынша қазір көптеген өңірлерде шегіртке қаптап жатыр.

“Үкімет мүшелері философиямен емес, нақты мәселелерді шешумен айналысуы керек. Тағы еске салғым келеді, еліміздің көптеген аймақтарында шегірткелер қаптап, өзекті мәселе туындап жатыр. Шегірткелердің көбею ошақтарын уақытылы өңдеу қарапайым фермерлерге миллиондаған шығын әкеледі. Олар үшін шегіртке – "халал" тағам емес, нағыз зиянкес. Сол себепті халқымыздың ауыл шаруашылығы жерлері мен егістіктерін құтқару бойынша шаралар қабылдауыңызды сұраймын”, – деді ол.



Еске салсақ, осы отырыста Ерлан Саиров "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингін де сынға алған еді. 

Талқылау