Хабиб марқұм әкесі туралы жантебірентерлік видео жариялады
UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов Instagram-да марқұм әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов туралы әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Хабибтің әкесі және жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов 3 шілдеде 57 жасында пневмонияның асқынған түрінен көз жұмды. Ол коронавирустан сауыққаннан кейін басталған.
Видеода Хабиб әкесінің оның спорттық мансабында шешуші рөл ойнағанын мойындайды, сонымен қатар барлық адамдарды егде туыстары мен достарын бағалауға шақырды. Спортшы олар біз ойлағандай әрдайым жанымызда болмайтынын еске салды.
Хабиб келесі жекпе-жекті 24 қазанда UFC 254 туртнирінде америкалық Джастин Гатжиге қарсы өткізеді.
Алматылықтар аптап ыстықта жылудың өшірілмей жатқанына шағымданды: Әкімдік себебін түсіндірді
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі