Хаби Алонсо "Реал Мадридтің" жаңа бас бапкері болып тағайындалды
Фото: DeFodi Images
Германия чемпионатында өнер көрсететін “Байер” Леверкузен командасының бас бапкері Хаби Алонсо "Реал Мадрид" тізгінін ұстамақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Футбол инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше, испаниялық бапкермен келісімшарт 2028 жылға дейін жасалды.
Испаниялық маман Мадридтік команданы маусым айының ортасында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына бастап барады.
Жаттықтырушы ретінде "Байер" клубын басқарған Алонсо 2023/24 маусымында Германия чемпионатының титулын мерзімінен бұрын жеңіп алып, клуб тарихында алғаш рет Бундеслига жеңімпазы атанды.
Ойыншы ретінде Алонсо 2009 жылдан 2014 жылға дейін "Реал Мадрид" құрамында ойнап, клубтық дәрежеде барлық трофейді жеңіп алды.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды

