Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін отставкаға кететінін айтты
ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, мәселе шешілгеннен кейін ол отставкаға кетуді жоспарлаған.
“Менің қазіргі ең басты мақсатым – сол апаттың салдарын тез арада жою. Отставка мәселесі жайында айтар болсам, осы хабарды естігеннен кейін алғашқы минутта мен өзім үшін отставкаға кетемін деген шешім шығардым. Ал қалғанын жоғарыдағы басшылық шешеді”, – дейді Ермекбаев.
Айта кетсек, 2019 жылы Арыс қаласындағы әскери қоймада орын алған жарылыс кезінде де қорғаныс министрлігін Нұрлан Ермекбаев басқарған еді.
Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы апаттан 4 адам қаза тапқаны белгілі болды. Жалпы алғанда 88 азамат жарылыстың салдарынан зардап шеккен. Тағы 3 адам із-түссіз жоғалған.
"Сотқа дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді