Гүлзира Айдарбекова болашақ келініне сырға салды
Айдарбековтер әулетінде дүбірлі той. Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер кенже ұлдары Заңғардың қалыңдығына құда түсіп, сырға салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Заңғар Нұртас өз парақшасында күйеу жігіт атанғанын ресми түрде хабарлады. Ол қалыңдығына ұсыныс жасаған сәттің видеосын жариялады.
Құдалық кезінде сөз сөйлеген Нұртас Айдарбеков екі жастың арасында түсініспеушілік болған жағдайда келіннің сөзін сөйлейтінін бірден ескертті.
"Соғыс басталып кеткен жағдайда, мен келіндердің жағына шығамын. Осыны есіңде ұста, балам. Мен сені жақсы көремін", – деп жиылған жұртты бір күлдірді Нұртас мырза.
Құдалыққа Қайрат Нұртас қатысқан жоқ. Бұл күні хитмен Қарағанды қаласына концерт беріп жатқан.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты