Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлшара Әбдіхалықова мәжіліс комитетінің басшылығына сайланды

Бүгін мәжілістің жаңа депутаттары Қазақстан халқына ант берді. Жаңадан сайланған мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіхалықова комитет басшылығына сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжілістің жаңа депутаттары Гүлшара Әбдіхалықова, Нұржан Әшімбетов пен Жұлдыз Омарбекова Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынып, өзіме жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант беремін», - дейді жаңа депутаттар. 

Осылайша, бұған дейін вице-премьер болған Гүлшара Әбдіхалықова мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды. Ал Нұржан Әшімбетов аграрлық мәселелер комитетінің мүшелігіне енсе, Жұлдыз Омарбекова заң және сот-құқықтық реформа комитетінде қызмет ететін болады. 

Бұған дейін Нұржан Әшімбетов Екібастұз қаласының әкімі болып қызмет еткен еді. Ал Жұлдыз Омарбекова ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары болған. 

Талқылау