Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова алғаш рет күйеуін көрсетті

Гүлнұр Оразымбетова көпшілікке кәсіпкер жолдасын көркетті. Әнші бұған дейін отбасылы, жасы үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан еді. Енді ел алдында азаматын туған күнімен құттықтады. 

“Туған күніңізбен, Секе. Өмірдің біз үшін дайындаған әдемі сыйы, бақыты, қуанышы таусылмасын. Ұлдарымыз үмітімізді ақтасын. Өзіңізден асып түссін”, – деп жазды Оразымбетова. 

Әнші жеке өміріне қатысты, жолдасына қатысты ақпараттарды жария етіп, сурет жариялай бермейді. Дегенмен жолдасының туған күнінде бірге түскен суретін желіде жариялады.

1Әр келген жастың өз қызығы мен шыжығы,жақсылығы мен берекесі бар. Адамның адам болып қалуына ең басты әсер ететін фактор👉🏻отбасылық үйлесім деп ойлаймын. Бірін-бірі түсініп,қолдап,жетістігіңе қуанып,қиналғанда демеу беретін жақындарың жаныңда болса,әйел адамы талай дүниені толағайдай көтеріп кетеміз ғой. Өнер адамы халықтың қошеметімен жайнай түсетініміз айтпаса да түсінікті. Амандық болсын! Барыма,бақытыма,бағыма шүкіршілік етемін. Жақсы тілектеріңізді аямаңыздар. Бүгін айтпағанда қашан айтамыз”, – деді әнші.

Желідегі оқырманды құтты болсын айтып, тілегін білдірді. 

“Арасы 20 жас”, “Өзіңізге ұқсасын демей ме, асып түссін деп еркегін төмен түсірді”, "Ұл әкесінен бір батпан кем туады, әкеге ешқашан жетпейді, ұлдарың сізден үлгі алып өссін, сіздей ер азамат боп ер жетсін дегенің дұрыс”, “Қызы сияқты, қанша жас айырмашылық? Махабатқа емес, сыпайы сыйластықтағы жұп екені сезіледі”, “Туған күніңізбен!! Өте білімді, қарапайым, іскер азамат!! Ұлдарыңыздың қызығын көріп, Гүлнұрыңызбен қол ұстасып, ұзақ жасаңыз !! Жарыңызды қатты құрметтейсіз, рақмет”, “Әркімнің жеке басында ісім жоқ. Гұлнұр маған ұнайды, бақытты болсын, жолдасының туған күніңмен!”, – деп жазды олар.


Ол өте мейірімді: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі ер адаммен кездесіп жүргенін айтты

Талқылау