"Гүлін қабыл алдым": Әуелбекова өзіне сөз салған жігіт жайлы айтты
Мөлдір Әуелбекова ғашық жігіттер әншінің ажырасқанын білген соң, әрекетке көшті. Әншіге бейтаныс азамат гүл шоқтарын жіберген. Әуелбекова гүлді қабыл алғанын жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осыдан екі жыл бұрын бір кісі сөз айтып хабарласатын. Кейін мен тұрмысқа шыққан соң, ол жігіт хабарласуды қойды. Бүгін сабақ өтуге барсам, бір жігіт гүл ұстап тұр. "Мен бұрын сізге хабарласып тұратын жігітпін ғой" деп атын айтты. Гүлін қабылдап алдым. Жарайды, көңіл ғой", — деді Мөлдір Әуелбекова.
Гүлді алғанымен, әнші жігіттің көңілін қабылдамағанын жеткізді. "Жүрегім тас әрі қола болып қалды" деген Мөлдір:
"Айтайын дегенім, құрметті маған сезімін білдіргісі келетін жігіттер, уміттеріңізді үзіңіздер", – деді.
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты
Қанат Байбосынұлы: "Рамазан айында кедей кедейлігін, бай байлығын сезінбеуі керек"