Гүл дүкенінде дау шығарған полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің "ROMANTIC" гүл салоны мен "Eldorado" ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексерді.
Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады.
Ведомство екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ететін болады.
Бұған дейін гүл сатушының соққыға жыққан экс-полицейдің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондай-ақ оқиғаның екінші қатысушы Шымкенттегі мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері болып шықты.