Грузия президенті елдің бұрынғы басшысы Саакашвилиге неге кешірім бермейтінін айтты
Грузия президенті Саломе Зурабишвили елдің экс-президенті Михаил Саакашвилиге неге кешірім беруден бас тартқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Украинская правда” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Грузияның қазіргі және бұрынғы президенті
Айтуынша, ол мұндай шешімді грузин халқының сезіміне сүйеніп қабылдаған.
"Мен грузин халқына жауаптымын. Президент ретінде халқымның сезімін ескеруім керек. Грузин халқы Саакашвили режимінің тоғыз жылын бастан өткерді, қанша адам құрбан болды”, – деді президент.
Ол грузин халқы Саакашвилиге гуманистік көзқараста екенін айтты..
“Олар президентке ондай қарым-қатынас жасалғанына үйренісе алмай жүр. Грузиндер адамгершілікпен қарайды, өте толерантты. Бірақ халық оның режимі кезінде жасалған кейбір қылмыстар үшін оның жазалануы тиіс екенін түсінеді", – деді Зурабишвили.
Оның айтуынша, Саакашвилиге кешірім беруді сұрағандар өте көп.
"Кешірім – бұл адамдар алдында жауап беретін моральдық мәселе. Бірақ мен дипломатиялық қоғамдастықпен, Еуропадағы әріптестермен жұмыс істеймін және бұрынғы президентке қалай қарау керек екені туралы шешім табу үшін билікпен жұмыс істеуге тырысамын. Әзірге билік реакция жасаған жоқ. Олар экстрадициялау туралы сұрауға әртүрлі жауап беруі мүмкін", – деді Грузия басшысы.
Саакашвили Тбилисиде 2021 жылдың қазан айында Украинадан Грузияға оралғаннан кейін көп ұзамай ұсталды, онда оған бірнеше қылмыстық іс бойынша айып тағылды. Олардың екеуі бойынша ол сырттай сотталып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Тұтқындау кезінде Саакашвили екі рет аштық жариялады және бірнеше медициналық мекемелерді ауыстырды. Өткен мамырда ол Рустав түрмесінен Тбилисидің шетіндегі көпсалалы "Вивамеди" клиникасына ауыстырылды.
Саакашвилидің жақындары мен жақтастары оның өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы шетелде емделу деп санап, оның жағдайы туралы көптен бері дабыл қағып келеді.