Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекиядағы орман өрті: Сегіз қазақстандыққа айып тағылды

Грекия прокурорлары бір апта бұрын Сароник аралындағы Гидрада болған өртке байланысты жеке жалдамалы яхтадағы сегіз қазақстандық жолаушыға айып тағып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еkathimerini басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ekathimerini.com

Яхтада болған екі кәмелетке толмаған туристке айып тағылмады. Грек билігі Қазақстанға көмек сұрап жүгінген. Себебі яхта жалдаушылары биліктің сұрауын күтпестен Грекиядан кетіп қалған.

Айып тағылуына прокурордың тапсырысы бойынша өрт орнында жүргізілген сот-медициналық сараптамасы кезінде табылған жаңа дәлелдер себеп болған. Өрт сөндірушілер жалын шыққан шығанақта отшашулардың қалдықтарын тапқан.

 



Яхта капитаны мен көмекшісі ұсталып, қалғандары шектеулермен кепілге босатылды.

Сондай-ақ Пирей прокуратурасының Гидрадағы өрт оқиғасы бойынша өрт сөндірушілер мен порт басшылығының әрекетіне қатысты алдын ала тергеуді бастағаны хабарланды. Яхтаны жалға алушылардың өртке қатысы бар деген күдікке қарамастан Грекиядан кетуіне мүмкіндік берген кез келген қадағалауды тексеру басты назарда.

Айта кетейік, бұған дейін Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді. Кейіннен еліміздің Сыртқы істер министрлігі Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. 

Талқылау