Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ – Министрлік
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше бұл оқиғаға қазақстандық азаматтардың қатысы жоқ.
"Қазақстандық консул ақпарат жарияланғаннан кейін бірден осы оқиға бойынша грек билігімен байланысқа шықты. Грек полицейлері ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін және оларға қандай да бір шағым түспегенін хабарлады", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"