Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді

Грекияның Гидра аралында 13 қазақстандық турист жалға алынған яхтада отшашу жасап, салдарынан орман өрті болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ProNews порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан

Оқиға 21 маусым күні кешке Агиос-Николаос жағажайының аймағында болған. Деректерге сүйенсек, туристер алдымен яхтаны жалға алып, кейін онда отшашу ұйымдастырып, оны құрлыққа қарай ұшырған. Нәтижесінде қарағайлы орманда өрт шықты.

Кейін олар өртті көріп, сөндіруге тырысқан. Алайда жалын күшті болғандықтан өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалып, кейін өздері оқиға орнынан кетіп қалған.

Гидра мэрі Джоргос Кукудакистың айтуынша қазір жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер мен еріктілер қатысып, ауадан су шашатын тікұшақ жұмылдырылған

"Біз кейбір адамдардың соншалықты жауапсыз болып, отшашуды қарағайлы орманға қарай шашқанына ашулымыз", — деді ол.

Қала басшысы өртті ұйымдастырған шетелдіктерді сотқа беруге ниетті екенін айтты.

Кемеде тұтану сәтіне қатысқандардың барлығы, оның ішінде экипаж мүшелері де ұсталды. Олардан Вулагмени маңындағы жағалау күзетінің орталығында жауап алынбақ.

Гидра – Греция туризмнің негізгі орталықтарының бірі. Табиғаты бай аралды қорғау мақсатында мұнда тіпті моторлы көлік жүрмейді.

Талқылау