Грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com
2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні жарияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
“Құрметті достар, талапкерлер және ата-аналар! Күні кеше ғана мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы аяқталды. Сәйкесінше, сіздер тағатсыздана күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, яғни 7 тамыз жарияланатынын қуана хабарлаймын”, – делінген министр жазбасында.
Тізім ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшаларында жарияланады.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген