Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің соңғы жекпе-жегінен қанша ақша түсті?

Головкин – Джейкобс кездесуінен шамамен 13 млн доллар пайда түскен.

755701_main

Жекпе-жектен түскен кірісті 3 кезеңге бөліп қарауға болады. Ол билеттер сатылымы, PPV трансляциясы және көпшілікке қолжетімді трансляция.

Жекпе-жектің «Madison Square Garden» аренасында өтуі қазақстандық боксшыға жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берген. Аты аңызға айналған аренада 3,7 млн доллардың билеттері сатылған. Бұл көрсеткіш канадалық Давид Лемье жекпе-жегімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Ол кезде шамамен 2 млн доллардың билеті сатылған болатын.

Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің трансляциясын HBO телеарнасы ақылы жүйемен жүргізді. Танымал қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің сөзінше, PPV-сатылымы (ақылы трансляция) 153 мыңнан асқан. Нәтижесінде бұдан 8,4 млн доллар пайда түскен. Алайда, ұйымдастырушылар жоғарыда аталған соманың жарты бөлігін ғана ала алады. Ал екінші бөлігі PPV-қызмет түрін көрсететін компанияларға беріледі.

Алайда жекпе-жекті трансляциялаудан түскен қаржының көлемі бұдан да жоғары болуы мүмкін. Себебі, тек халықаралық трансляциядан 2 млн доллар пайда түскен. Головкин – Джейкобс жекпе-жегін әлемнің 100-ден астам елі көрсетті. Бұл қаржының көп түсуіне септігін тигізген.

Сондай-ақ, кәдесыйлар мен атрибутиканы сатудан 150 мың доллар түсті.

Осылайша, аталмыш жекпе-жектен түскен пайда 13 млн доллардан асып жығылады.

Сондай-ақ, Головкин осы кездесуі үшін 2,5 млн доллар алады. Ал Джейкобс 1,75 млн долларға ие болады.

Vesti.kz

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында 20 жастағы биші жігіт қошқарды 230 рет көтеріп жеңімпаз атанды (видео)

Қарақшыны қаймықпастан қолға түсірген павлодарлық таксист марапатталды

Астанада науқас министрдің көзінше бас дәрігерді сөгіп тастады

Талқылау