Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің кезекті жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін

Жапонияның премьер-министрі Фуио Кисида коронавирустың жаңа штамына байланысты Жапонияның өз шекарасын жабатыны туралы мәлімдеген. Әзірге шешімнің қанша уақытқа қабылданғаны белгісіз. Сондықтан Геннадий Головкиннің 29 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалу қауіпі бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Геннадий

Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы кездесу Токиода өтеді деп жоспарланған. 

"Үлкен дағдарыстың алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз", - деді премьер-министр. 

Әзірге Жапонияда "омикрон" штамы анықталмаған.

BoxingScene.com басылымының журналисі Кит Айдек Головкиннің дайындығын тоқтатпағанын айтқан. Себебі отандасымыздың командасы Жапонияға ертерек баруды жоспарлап отыр екен. 

Ал Головкиннің қарсыласы Риота Муратаның промоутері кездесуді өткізу үшін барлық мүмкіндікті қолданып көретінін мәлімдеді.

"Жағдайдың өзгеруіне дайынбыз. Осы аптада нақты шешім қабылдаймыз деп ойлаймын. Егер жекпе-жек алдында Головкиннің тест нәтижесі оң болып шықса, кездесу өтпейді. Қазір Жапония спорт агенттігімен тығыз байланыстамыз. Қажетті құжаттарды өткіздік. Егер қаулы күшіне енгенге дейін өтінішті толтырып үлгерсе, Головкин Жапонияға кіре алады", - деді Акихико Хонда. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 30 Қараша, 2021 16:26