Головкиннің ағасын Нұр-Сұлтандағы прокурордың қатысуымен болған жол апаты үшін айыптады
Геннадий Головкиннің ағасы Максимге елорда прокурорының көлігіне соғылғандығы үшін 38892 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында прокурор Қуаныш Монолбаев пен Максим Головкиннің қатысуымен жазатайым оқиғаға қатысты іс бойынша сот отырысы өтті. Іс Головкиннің ағасының қатысуынсыз қаралды. Өйткені ол өз кінәсін толық мойындады.
Тергеу мәліметінше, 22 тамызда сағат 15: 20-да Максим Головкин Жангелдин көшесінің бойында BMW X7 көлігін басқарып келе жатқан. Қиылыста кетіп бара жатып, ол үлкен жолдың бойымен келе жатқан көлікті байқамай қалған. Нәтижесінде ол елордалық прокурор Қуаныш Монолбаев басқарған Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.
Максим Головкиннің айтуынша, апат болған кезде бағдаршам жұмыс жасамаған. Газельдің кесірінен ол негізгі жол бойында келе жатқан Toyota көлігін көрмей қалған.
Прокурор Монолбаев апаттың алдын алу мүмкін емес екенін айтты.
"Мен негізгі жол белгісін пайдаландым. Сол жақта Газель жылдамдығын төмендетіп, сол себепті жеңіл машина шығып кетті. Өкінішке орай, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Артынша Максим Геннадевич басқарған BMW X7 автокөлігімен жол апаты болды", - деді ол.
Судья Иманалиев Головкинді кінәлі деп танып, айыппұл мөлшерінің 30%-ға төмендеуін ескере отырып, қылмыскерге 20 АЕК түрінде айыппұл тағайындады, жалпы сомасы 38 892 теңгені құрады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
