Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин Шереметамен болатын жекпе-жегі туралы пікірін айтты

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин жеңілмеген поляк қарсыласы Камил Шереметамен жекпе-жек алдында жаңа видео жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшының Twitter-дегі ресми парағында GGG қатысуымен жаңа жарнамалық видео пайда болды.

Қысқа видеода Головкиннің Камил Шереметаға қарсы 21 атақты қорғаудағы рекорды көрсетіледі. Жаттығу мен дайындық барысы көрсетілген видеода Геннадийдің даусы естіледі. Спортшы алдағы жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді.

«Біріншіден, мен болжам жасай алмаймын. Екіншіден, кім кімді сындыратынын ешкім білмейді. Яғни бұл бокс», - деді GGG видеода.

 

Еске салайық, орта салмақтағы қазақстандық және польшалық боксшының жекпе-жегі туралы DAZN 2020 жылдың қараша айының соңында хабарлаған болатын.

Боксшылар рингте 18 желтоқсанда кездеседі. Сонымен қатар, жуырда әлемге әйгілі Дағыстанның ММА файтері Хабиб Нұрмағомедов Головкинді алдағы жекпе-жек алдында қолдап, оған сәттілік тіледі.

Талқылау