Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды
Рейтингтің көшін қайтадан мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес бастады. Әлемдегі үздік боксшылардың үштігін америкалық Теренс Кроуфорд қорындылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
BoxRec порталының рейтингінде Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне қарамастан барлық боксшылар арасында екінші орында– оның 688,7 ұпайы бар.
Дегенмен, қазақстандық боксшы жапондық Риота Муратаны жеңгеннен кейін рейтингтің бірінші сатысынан орын алып еді.
- "Жағым ауырып тұр": Мурата Головкиннің шеберлігі мен соққысы туралы айтып берді
- Сауль Альварес Головкинмен өтетін үшінші жекпе-жек үшін өз талабын айтты
Ал жаңартылған рейтингтің көшбасшысы атанған мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес 869,7 ұпай жинады. Әлемнің үздік боксшыларының үштігіне енген америкалық Теренс Кроуфорда 513,6 ұпай бар.
Еске салайық, 9 сәуірде Геннадий Головкин Муратамен жекпе-жекте жеңіске жетіп, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін иығына ілді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған