Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр (фото)
Гиннестің рекордтар кітабына енген, ЕХРО төрінде тұруы тиіс алып асық қаңсып далада жатыр.
Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
“Алты Алашқа мәлім болған алып асықтың тағдыры алаңдатады. 50 мың дана асықтан тоқылып жасалған алып асықты 2 ай бұрын EXPО көрмесіне қояды екен деп жаңалықтардан көрсетіп еді. Енді міне, Гиннестің рекордтар кітабына енген 2 тонналық алып асық, жоғарыдан уәде етілген көрмеде емес, күнге қаңсып палатканың астында тұр. Белгісіз себептермен EXPO-ға бармай қалған асықты Болат мырза еді Ұлттық музейге тапсыруға дайын”, – деп жазады Берік Уәли.
Тағы да оқыңыз:
14 жыл бұрын аман қалған тастанды қызды көкшетаулық дәрігерлер күтіп-баққан
Светлана Подобедова ана атанды
Талдықорғанда 2012 жылы мұғалімге сыйға берген пәтерді қайтарып алып жатыр