Қар барысы тіп-тік құз басынан құлап кетті (видео)
Британиялық фотограф Майк Биркхед Гималайдың бөктерінде қыдырып жүрген сирек кездесетін қар барысын видеоға түсіріп алған.

Алайда жыртқыш аң үлкен биіктіктен төмен қарай құлап кеткен.
“Қар барысы ойламаған жерден құлап кетті. Мұндай нәрсені ешкім ешқашан көрмеген шығар. Біз оған 20 минуттай қарадық, ал сосын ол үңгірге барып жасырынды”, – дейді Биркхед.
Видеода барыстың тіп-тік құз басында жүргені, кенет аяғын шалыс басып төмен қарай құлдилай құлағаны көрінеді. Камера жыртқыштың жерге қалай түскенін де түсірген. Бірақ, ол еш шойнаңдамастан кәдімгідей жүріп кете барыпты. Кейін ол өзін түсіріп тұрған адамдарды да көріп ұзақ қарап тұрып қалған.
Оқи отырыңыз:
ВВС Жетісудің сұлу табиғаты туралы ролик түсірді (видео)
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті