Германияда босқын полицей мен итті тістеп алды
Германияның Ротвайл қаласында ер адам полицей мен қызметтік итті тістеп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Die Stuttgarter Zeitung басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қолына пышақ ұстап алған ер адам ары-бері өткендерге айғайлап, олардың зәре құтын қашырған. Босқынды ұстамақ болғанда, ол итті, артынша полицейді тістеп алған. Сол сәтте ұсталған ер адам қашып кетіп, жасырынбақ болған. Одан бөлек ол тағы екі полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған.
Нәтижесінде қылмыскер ұсталды. Оған ұстау кезінде қарсылық көрсетті деген айып тағылды.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
Марқұмның туыстары 7 ай бойы үндемедік, дейді
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған