Германияда аттракциондағы пойыздар соқтығысып, 31 адам зардап шекті
Германияның Гинцберг қаласындағы Legoland паркіндегі аттракционда екі пойыз соқтығысты. Салдарынан 31 адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап.

Полиция өкілінің мәліметінше, 31 адамның 15-і ауруханаға жеткізілген. Олардың бірі ауыр жарақат алған.
Агенттік мәліметінше, "Жалынды айдаһар" аттракционында бір пойыз жедел тоқтап, салдарынан екінші пойыз келіп соқтығысқан. Апат орнына үш тікұшақ пен өрт-құтқару қызметі жіберілді.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық