Германия, Ресей және АҚШ-та жүрген қазақстандықтар бір айға уақытша төлқұжат ала алады
Германияда, Ресейде және АҚШ-та жүрген Қазақстан азаматтары енді 30 күндік төлқұжат ала алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Германиядағы қазақстандық азаматтарға төлқұжат дайындау уақытын қысқарту бойынша пилоттық жобаны жалғастыруда.
"Егер бұған дейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 80 күн болса, енді мемлекеттік органдардың бірлескен еңбегінің арқасында ол 30 күнге дейін қысқарды", – деді Сыртқы істер министрлігі.
- 5 қыркүйектен бастап қазақстандықтар электронды төлқұжатпен некеге тұра алады
- Қазақстандықтардың құжаттары қашан латын әліпбиіне ауыстырылады: ІІМ жауап берді
Қазірдің өзінде Қазақстанның Германиядағы шетелдік өкілдіктері арқылы өтініш берген 33 қазақстандық паспорттарын беру мерзімінің жаңа стандарттарына сәйкес төлқұжаттарын алған.
Бұдан алдын бұл жоба Қазақстанның Ресейдегі және АҚШ-тағы елшілігінде сәтті жүзеге асырылған болатын.
Болашақта төлқұжат беру уақытын қысқарту үшін жағдайлар жасалатын елдердің тізімін кеңейту жоспарлануда.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді