Қазақстандықтардың құжаттары қашан латын әліпбиіне ауыстырылады: ІІМ жауап берді
Латын әліпбиіне көшкен кезде қазақстандықтардың құжаттарын ауыстыру азаматтардың өтінішіне қарай жүзеге асырылады. Ал 2025 жылға дейін барлық құжаттарды латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде беру жоспарланған. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі 2025 жылға дейін қазақстандықтардың төлқұжаттарын, жеке куәліктерін және басқа да құжаттарды латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде беру жоспарланғанын хабарлады.
"Латын әліпбиіне көшу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыру азаматтардың өтінішіне қарай жүзеге асырылады. Бұрын шығарылған құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады", - деді министрлікте.
- "Латын әріпінен қашып, барлығы балаларын орыс мектебіне беруі мүмкін": Қазақстандық сарапшылар әліпбидің жаңа нұсқасы туралы пікір білдірді
- Қазақстанда көп балалы аналарға 8 наурызға орай қандай жәрдемақы беріледі?
Ведомствода қазіргі уақытта латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі мақұлдау сатысында екенін атап өтті.
Бұған дейін мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Қазақстан азаматтарының есімін 2021 жылы латын графикасына негізделген алфавиттік тәртіпте жазу ережелері әзірленетінін хабарлады.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
