Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Латын әріпінен қашып, барлығы балаларын орыс мектебіне беруі мүмкін": Қазақстандық сарапшылар әліпбидің жаңа нұсқасы туралы пікір білдірді

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары 2017 жылы басталған еді. Жақында ғана ұлттық комиссия отырысында жаңа нұсқа ұсынылды. Үкіметтің мәліметінше, жаңа әліпби 40-тан аса нұсқаның ішінен таңдалған екен. Таңдау неліктен дәл осы нұсқаға түсті? Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасына нақты қан­дай өзгерістер енгізілген? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасының "Ашық алаң" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

латын

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса әліпбидің үш рет ауыстырылғанын алға тартты. 

"2017 жылдан бері латын әліпбиі 3 рет өзгертілді. Ең алдымен диаграф болды, одан кейін апостроф, одан кейін акутпен жазу ұсынылған. Ал ендігі түзетулер диакритикалық таңбаларға байланысты болды. Бұрынғы әліпбилермен салыстырғанда жетілген, жақсы деген баға беруге болады. 2019 жылдың 6 қыркүйегінде Ұлттық кеңесте қазақ тілінің "і" әріпін қайтару және 2 таңбалы диаграфтан құтылу тақырыбы қозғалаған етін. Бұрынғы нұсқада "і" мен "и" әріптерінің орны ауысып кеткен",  - дейді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса.

Жаңадан ұсынылған латын қаріпіне байланысты орыс тілінің 8 әрпі (ю, я, ъ, ь, ц, ч, щ, э) әліпби құрамына алынбағандықтан, олардың кісі есімдерінде, географиялық атауларында кездескен жағдайда қалай жазылады деген сұрақтар көп. Бұл туралы Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл – Қазына" Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов пікір білдірді. 

"Қазір халықаралық әліпбиде негізгі 107 таңба және 52 қосымша таңба бар. Біздің әліпбиде 31 әріптің 20 таңбасы базалық әріптерді қайталайды. Қалған 11 таңбаның алтауының үшеуі "умляут", біреуіне "седиль", біреуіне "макрон", біреуіне "бревис" берілді", - дейді ол.

Айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлы басында латын қарпіне қарсы болып, кейін келіскен. Байтұрсынов бүкіл диакритикалық қосымша белгілерді (ноқатты) үстіне қоймау керек, астына қою керек деген көзқарасты ұстанған.



А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова қазірде мектеп оқушыларының орыс тіліне қатысты ережерлерді жаттауға мәжбүр екенін жеткізді. 

"Еліміз ертең латын әліпбиіне көшкенде, жаңадан мектепке барған бүлдіршін өзінің ана тілінде сауатты жазу үшін төл дыбыстарын ғана білсе жеткілікті болады. Ал қазіргі оқушылар орыс тілінің 50-ден астам ережесін жаттауға мәжбүр" - дейді Тіл білімі институтының директоры.

Бұған қоса, ол әліпби ауысса да, қазақ тілінің емле ережелері өзгермейтінін алға тартты. 

Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның пікірінше, латын әліпбиіне өту кириллицаның құрсауынан шығып, рухани тәуелсіздікке бет бұруға жол ашпақ. 

"Ең басты қауіп, ата-аналар латын әріпінен қашып, барлығы балаларын орыс мектебіне беруі мүмкін. Мәдениет министрлігі қазір осыған байланысты шешім іздеуде. Бұған қоса, мемлекеттік  әліпби деген болады. Егер мемлекеттік негізгі әліпбиді латын қылып өзгертсек, ел өздері үшін үйренеді. Тағы бір өзекті мәселе, барлық жақта дүкендердің, қызметтердің атауы екі нұсқада жазылады. Сол себепті екінші нұсқаны алып тастау керек. Егер таңдау берілсе, ешкім де латын әліпбиін қолданбайды", - дейді мәжілісмен. 

Айта кетейік, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне, сол арқылы жазу дәстүріне сай келмегендіктен C, W, X таңбалары әліпбиге енгізілмепті. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда латын қарпіндегі жетілдірілген әліпби нұсқасы ұсынылғаны айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр