"Газ бағасын төмендетсін": Жаңаөзенде көлік жүргізушілері шу шығарды
Жаңаөзен қаласының тұрғындары әкімдіктің алдына жиналып, сұйытылған мұнай газының бағасын арзандатуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеп.

Олардың айтуынша, қалада газдың 1 литрі 60 теңгеден сатылып жатыр. Мұндай бағаны жолаушы тасып, нәпақа тауып жүрген такси жүргізушілерінің қалтасы көтермейді.
Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі де, құзырлы органдар да әзірге сұхбат берген жоқ.
Сұйытылған газдың бағасы облыс бойынша қымбаттады. Ақтау қаласындағы бекеттерде 65-70 теңгеден сатылуда.
"Килограммы 28 теңгеден шығады. Оны 35-45 теңгеден сатса не болады? Бәрібір жақсы пайда көреді. Не үшін 60 теңге болып кетті?", - дейді тұрғындар.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты