Ғарыштан құттықтау: Қазақстан тумасы жерлестерін Наурыз мерекесімен Жер орбитасынан құттықтады
Қостанай тумасы, ресейлік ғарышкер Дмитрий Петелин Наурыз мерекесімен жерлестерін ғарыштан құттықтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғарышкер қазақ және орыс тілінде жерлестерін құттықтап, Жер орбитасынан видео жолдады.
"Жерлестер! Сіздердің мерекелеріңіз құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыздар. Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге мынаны айтқым келеді: бір-бірлеріңізге ренжімеңіздер және ашуланбаңыздар. Біздің планетамыз үлкен және әдемі. Бүгін үлкен және жарқын мереке. Қиындықтарға биіктен қараңыздар, ал Күннің атуы мен батуын қуанышпен қарсы алыңыздар. Өмір – ғажап. Наурыз мерекесі құтты болсын", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Әз-Наурызбен құттықтаған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады