Ғалия Тынбаева Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан соңғы лицензиялық Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысының жартылай финалына шықты. 48 келіде сынға түскен отандасымыз алғашқы айналымда тунистік Умама Бедиуиді ұтса, екінші белдесуінде тайпейлік Чен-Хао Линді жеңді. Ал ширек финалда түрік балуан Тугче Бедерден басым түсіп, жартылай финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда Ширин Буклиге қарсы белдеседі.
Айта кетейік, бұл салмақта сынға түскен басқа балуандарымыздың барлығы қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтады.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған

