Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Жерде құрлықтардың қалай пайда болғанын анықтады

Батыс Аустралиядағы Кертина университетінің ғалымдары ежелгі жерде құрлықтардың қалай пайда болғанын анықтады. Nature журналында жарияланған мақалаға сәйкес, құрлықтар Жер пайда болғаннан кейінгі бірінші миллиард жылда түскен метеориттер салдарынан туындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жер

Болжам бойынша, құрлық қабатының төрттен үші архей эонында, шамамен 4-2.5 миллиард жыл бұрын қалыптасқан. Бұл кезде жер бетінен толық су басып жатқан. Алғашқы миллард жылда жерге көптеген метеориттер түскен, салдарынан жер қабаты еріп, өзгеріске түсе бастаған. Алайда 3,9-3,5 миллиард жыл бұрын метеориттердің түсуі сиреп кеткен. Нәтижесінде алғашқы геологиялық платформалар пайда болды, дегенмен мұның нақты дәлелі жоқ. 

Ғалымдар Батыс Аустралиядағы Пилбар кратонындағы тау жынысарынан циркон кристаллдарын алып, құрамын зерттеген. Кратонда архей заманынан бері сақталған құрлық қабатының қалдықтары бар. Ғалымдар жыныстардың еру процесінің белгілерін тапқан. Бұл беткі қабаттан басталып, астыңғы бөліктеріне де өткен. Мұндай эффект астероид соққысынан болады. Пилбар кратоны үш кезеңнен кейін пайда болған. 

3,6-3,4 миллиард жыл бұрын пайда болған цирконнан 18-оттегі мен 16-оттегінің қатынасы аныұталған. Бұл магма жыныстарының гидротермальдо өзгерісі кезінде орын алады екен. 

Пилбар кратонының тарихы шамамен 3,6 миллиард жыл бұрын басталған. Бұл кезде жерге алып метеорит соғылып, магмалардың жаппай еруіне және ежелгі циркондардың пайда болуына әкеп соққан. Кейін жиналған жас циркондарда шар пішіндес еріген жыныстар бар. Бұл метеорит соққысы болған жерде температураның қатты көтерілуінен болады. Осылайша метеорит соққылары кратондарға әсер етуін жалғастыра берген. Нәтижесінде 3 миллиад жыл бұрын пайда болған кратон платформа бетіне жақындар, эволюция әрі қарай жалғасқан. 

Талқылау