Ғалымдар ұйқысыздыққа көбінесе не себеп болатынын айтты
Ғалымдардың айтуынша, D дәруменінің жеткіліксіздігі - ұйқысыздықтың ең жиі кездесетін себебі. Бұл туралы "Московский комсомолец" басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мамандар сегіз апта бойы 20-50 жас аралығындағы адамдарды екі топқа бөліп бақылаған. Бір топқа күнделікті 3500 МЕ (халықаралық бірлік) көлемінде D дәруменін беріп отырса, екінші топқа бермеген. Зерттеу нәтижесі бойынша, дәрумен қабылдаған бірінші топ өкілдері өзгелермен салыстырғанда бір сағатқа артық ұйықтап, өздерін жақсы сезінген.
Ұйқысыздықтың салдары артық салмақ қосуға, көңіл-күйдің түсуіне, тіпті күйзелістің пайда болуына апаруы мүмкін. Сондықтан мамандар ағзадағы D дәруменінің мөлшерін қадағалап, уақытылы ұйықтауға кеңес береді. D дәруменін балық майынан, сары майдан, ірімшіктің қатты түрлері мен майлы балықтан алуға болады.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген