Ғалымдар өмірді ұзартудың ең оңай жолын атады
Мамандардың пікірінше, күніне 12 минут жаттығу жасау жүрек, қан тамырлары аурулары мен диабеттің туындау қауіпін төмендетеді. Бұл туралы Гарвардтың Массачусетск ауруханасының зерттеушілері айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдардың зерттеуі Circulation журналында жарияланды. Олар орта жастағы 411 ер азамат пен әйелдің метоболит жасушаларына сараптама жасаған. Зерттеу барысында мамандар тәжірибеге қатысушылардың дене жаттығу жасағанға дейінгі және одан кейінгі жағдайын бақылаған.
Жаттығу жасағаннан кейін адам денесіндегі диабет пен бауырдың ауруымен байланысты биомаркерлердің саны 18%-ға дейін төмендесе, жүрек, қан тамырлары аурулары мен ерте қайтыс болуға алып келетін глутамат 29%-ға азайған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған