Ғалымдар коронавирустан қорғануға көмектесетін ең жақсы диетаны атады
Ғалымдар кетогендік диета коронавирустың пайда болу қаупін азайтады, ал жұқтырған жағдайда оның ауыр түрінен қорғай алады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пікірінше, диетадағы көмірсулардың аз мөлшері ағзадағы май мен "жаман" холестериннің мөлшерін азайтады, қандағы қантты да тұрақтандырады.
Тәжірибелер көрсеткендей, мұндай диета қан плазмасындағы кетон денелерінің деңгейін жоғарылатады. Олар ағзадағы тотығу стрессін бақылайды және қабынуға қарсы әсер етеді.
Сонымен қатар, ғалымдардың пікірінше, кетогендік диета Т-лимфоциттердің рецепторларын тасымалдайтын, иммуномодуляциялық және қабынуға қарсы белсенділігі бар жасушалардың таралуына ықпал етеді.
"Мұндай диета адаптивті иммундық жасушалардың жұмысын жақсартады және COVID-19-бен байланысты қауіпті азайтады", - деді зерттеушілер.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ