Ғалымдар коронавируспен ауырғандардың үштен бірінен психикалық ауытқу байқады
Коронавируспен ауырған әрбір үш адамның біреуі жарты жыл өткеннен кейін жүйке ауруларына шалдығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Lancet Psychiatry ғылыми журналында жарияланған британдық және американдық ғалымдардың зерттеуінде айтылған.
"Коронавирус диагнозы қойылған 236 379 пациенттің арасында алдағы жарты жылда жүйке ауруы 33,62% адамда байқалады деп болжануда", - дейді мамандар.
Ғалымдардың айтуы бойынша, көбінесе ковидпен ауырғандарға ишемиялық инсульт, аффективті бұзылулар, ұйқысыздық, дәрілердің әсерінен психикалық ауытқу, деменция диагноздары қойылады.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған