Ғалымдар коронавирус жұқтыру мүмкіндігі төмен адамдар туралы мифті жоққа шығарды
SARS-CoV-2 коронавирусының таралуымен бірге ол туралы мифтердің саны да өсіп жатыр. Олардың бірі - адамның басқа вирусты респираторлық ауруы анықталса, онда оның коронавирустық инфекциямен сырқаттану мүмкіндігі төмен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай бұл аңыз шындыққа жанаспайды.
АҚШ-тың Стэнфорд университетінің медициналық орталығының мамандары мәліметінше, іс жүзінде CoViD-19-дан емделіп жатқан әрбір оныншы науқасқа басқа респираторлық вирус бойынша диагноз қойылған.
Өз кезегінде, респираторлық аурудың белгілері бар әрбір оныншы науқас коронавирустық инфекцияны жұқтырған.
Мамандар жүргізген зерттеуге, CoViD-19-ге күдікті 562 адам қатысты, олардың 49-ында диагноз расталды.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған