Ғалымдар қол алысу арқылы коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен екенін айтты
Сарапшылар коронавирус сөйлесу кезінде жиі жұғатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай тоқтамға Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары келіп отыр.
Мамандар індетке тап болғандар сағат сайын миллиондаған вирус қалдықтарын ауаға бөлетінін айтады. Сөздерінше, аурудың белгілері байқалмағандардың өзі басқаларына үлкен қауіп төндіруі мүмкін екен.
Сондай-ақ зерттеушілер зат арқылы немесе қол алысу арқылы вирусты жұқтыру ықтималдығы өте төмен екенін жеткізді. Себебі инфекция тудырушылар көбіне ауа арқылы таралатын көрінеді.
Сарапшылардың сөздерінше, маска кию расымен де індеттің жаппай таралуын алдын алатын сыңайлы.
Еске салайық, бұған дейін коронавирустың талауының бірнеше жолдары айтылған еді. мамандар жұқпалы ауру қол алысу, сөйлесу, тіпті, шаш пен көзді ұстаған кезде жұғатынын анықтапты.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
Қыркүйекте доллар құны қалай өзгереді – Сарапшылар қаржы нарығына болжам жасады
Қаржы сарапшысы Айбар Олжай доллардың алдағы уақытта жағдайы бойынша пікір білдірді.