Ғалымдар фруктоза ісіктердің өсуіне ықпал ететінін мәлімдеді
АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетінің ғалымдары фруктоза кейбір ісік ауруларының өсуіне ықпал ететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: dkrechniki.ru
Ғалымдар фруктозаның тері, сүт безі және жатыр мойны обырына әсерін зерттеді. Тәжірибе кезінде қатерлі ісікке шалдыққан тышқандар мен данио балықтары ұзақ уақыт бойы фруктозаға бай тағаммен қоректенді. Бақылау тобы оларды қалыпты түрде тамақтандырды.
Ісіктердің өсу қарқынын салыстыру нәтижесі фруктозаның процеске ықпал ететінін көрсетті.
Сонымен қатар қанттың өзі рак клеткаларына енбейді. Олар бауыр өңделген кезде пайда болатын липидтермен қоректенеді. Бұл қауіпті болуы мүмкін, өйткені фруктозаны тұтыну соңғы 5 жылда күрт өсті.
Қазір біз фруктозаны 1960 жылдардағыдан 15 есе көп тұтынамыз.
Айта кетейік, бұған дейін диетолог қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын қарапайым қоспаларды атаған еді.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ