Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар бүкіл әлемде "тозақтағыдай" ыстық болады деп болжауда

2019 жылдың соңына дейін қатты ыстықтан мыңдаған адам қайтыс болуы мүмкін. Еуропалық ғалымдар мен метеорологтар осында болжам жасады.

Ғалымдар бүкіл әлемде

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандардың сөзінше, Гренландия маңындағы және Орталық Еуропа үстіндегі қысымның жоғарылығы аптап ыстыққа себеп болып отыр. Олар ауаны салқындататын циклондарды бөгеп, испаниялық және африкалық шөлдерден ыстық массаларды өткізеді. Нәтижесінде ыстық ауа пайда болып, күн қатты ысып, найзағай ойнайды.

Потсдам университетінің климатологы Стефан Рамсторфтың сөзінше, ауа температурасының көтерілуі «үнсіз жаналғыш» болып табылады. Ғалым 2003 жылы аптап ыстық салдарынан 70 мың еуропалықтың, ал өткен жылдың жазында Германияда кемінде мың адамның қайтыс болғанын еске салды. 

Күннің қатты ысуы Еуропаның батыс және орталық бөліктерінде байқалатын болады. Испания, Францияның кей аудандарында бірнеше күн бойы ауа температурасы 40 градустан жоғары болуы мүмкін. 

Испаниялық метеоролог Сильвия Лаплана алдағы ауа райын «тозаққа» теңеді. Мадридте ауа температурасы 40,6 градусқа жетеді деген болжам бар.

Талқылау