Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 5 минут ішінде ағзадағы коронавирустың 97%-ын жоятын өнімді атады

Кейбір өсімдік өнімдері адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін тиімді түрде басуға қабілетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ульм медициналық университетінің молекулалық вирусология институты ғалымдарының зерттеуінде жазылған. Мамандардың қорытындылары bioRxiv журналында жарияланды.

Тәжірибелер кезінде зерттеушілер бөлме температурасында табиғи өнімдерді вирустармен араластырды, біраз уақыттан кейін олар COVID-19 қалай әрекет ететінін зерттеді.

Коронавирустың, сондай-ақ тұмау вирусының белсенділігін тежейтін ең тиімді өнім қарақарақат(арония) шырыны болды, ол адам ағзасындағы коронавирустың 97 пайызын жояды.

Анар шырыны да вирусқа қарсы күшті әсер етеді. Онымен тамақты шаю арқылы COVID-19 қоздырғыштарының 80 пайызына өлтіруге болады.

Сондай-ақ, неміс ғалымдары көк шай мен ақжидек шырынының вирусқа қарсы әсері жақсы екенін анықтады. Сарапшылардың пікірінше, әсер вирусты жойып жіберетін қышқыл орта мен өсімдік полифенолдарына байланысты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр