Гаджеттер қатерлі ісік тудыруы мүмкін бе: Маман түсіндірді
Танымал ресейлік онколог Руслан Басанов гаджеттер қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Руслан Басанов қатерлі ісіктің дамуына смартфондардың ешқандай әсері жоқ екенін айтты. Алайда, ол гаджеттерді жиі және ұзақ пайдалану денсаулықты нашарлататынын жоққа шығармады.
"Телефондар қатерлі ісік ауруының дамуына себепші болады деген пікір әлдеқашан жоққа шығарылды. Бұл туралы айта бастағанда-ақ ғалымда шындыққа жанаспайтынын дәлелдеген. Телефон, планшет және компьютерді қолдану денсаулыққа зиян келтіреді. Гаджет көп қолданатын немесе кеңседе жұмыс істейтіндер аз қозғалады. Ал бұл, өз кезегінде, семіздіктен психологиялық мәселелерге дейін әртүрлі аурулардың дамуына себеп болуы мүмкін", – дейді Басанов.
Осыған дейін мамандар тұқым қуалайтын қатерлі ісік аурулары туралы айқан еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр