Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер балалар үйінің тұрғындарына көмектесті (фото)

Айдарбековтер отбасына Қазақстанның түрлі аймақтарынан күніне 300-ге жуық адам хабарласып, көмек сұрайды екен.

гүл6

Қиын тағдырдырына налыйтындар арасында, кейде алаяқтар да болады екен. Өнерде жүріп дүйім жұртқа танылған Қайраттың ата-анасы бәрінен бұрын көңілі жарым балаларға көмек қолын созуды дұрыс көріпті,-деп жазды Stan.kz  тілшісі.

гүл1

«Бізге көп жерден хабарласып жатады. Білмейміз кейде қай жерге көмек беру керектігін. Қолымнан келгенше қол ұшымды беруге дайынмын. Енді мына «жетім көрсең жебей жүр» дейді. Сондықтан да, осы балалар үйі шақырған соң көңілдерін қалдырмай келіп қалдық. Кеше бір малымызды сойып, дастархан жайдық. Ең әуелі балалардың көңілі ғой. Олар айтқан әнді тыңдап көзіме жаста келді. Дауыстары, талаптары жақсы. Тек қолдау керек. Тағдырлары ғой енді. Осы бүлдіршіндерге Нұртас та әнін айтып, қуантып жатыр», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

гүл4

Балалармен балаша мәіз болған Нұртас балалар үйінің сахнасында үш бірдей әнін орындады. Ортаға балалар мен олардың тәрбиешілерін  шақырып билетті. Шақыртуды Айдарбековтер кезінде саудада жүргенде бірге араласқан экс-әріптестерінен алыпты.

гүл5

«Бұрында мен осында сауда-саттықта жүрген кезімде араласқан келіншек Гүлдария деген осындай істейді. Онымен ылғи телефонмен хабарласып тұрамыз. Осындай іс-шара болайын деп жатыр, қолдау керек деген соң келіп, әнімізді салып жатырмыз»,- дейді Нұртас Айдарбеков.

гүл3

Өткенде ғана Гүлзира Айдарбекова ендігі арманым күйеуімнің атағын шығару деген болатын. Ал, Қайраттың әкесі Нұртас ұлының танымалдығына шүкіршілік айтып жүріп-ақ  өзін бақытты сезінетінін жеткізді.

гүл2

«Мен үлкен сахналарға шығып жүрген жоқпын. Баламның жанында жалау болып жүрген жайым бар. Енді әу демейтін қазақ жоқ. Шақырып жатса неге ән айтпасқа, шығып жатырмыз ғой. Аллаға шүкір мен жетпеген шыңға ұлым жетті. Соның өзі  маған жетіп жатыр. Жүрген жерімде халық сұрап жатса, әнімді орындаймын. Соның өзі үлкен мәртебе мен үшін», – дейді Нұртас Айдарбеков.

гүл

Концерт соңында феноменнің әке-шешесі барлық балалар мен қызметкерлерге ұлдарының әндер жинағы сыйлық есебінде таратты.

Оқи отырыңыз:

Жазира Байырбекованың анасы: Жазира бірде ағасының басын темірмен ұрып, жарып қойған (фото)

Жан Ахмадиев: “Темір қатын” туындысын шоу-бизнестегі тәрбиесіз әйелдерге арнаймын

Жұлдызай Дүйсенбиева: Жүкті кезімде әкемнің көзіне көрінбедім

Асхат Тарғын: Үйленбес бұрын қызымнан рұқсат сұрадым

Ақбота: Қыруар қаржыны тойыма шашқанша, балаларыма жұмсаймын

Кентал: Туған күнімді тойлағым келмейді. Ол ажалды жақындастырады (фото)

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр