Футболшы Бахтиер Зайнутдинов испаниялық "Вальядолид" клубымен келіссөз жүргізуде
Испания чемпионатында ойнайтын “Вальядолид” футбол клубы туркиялық “Бешикташпен” қазақстандық футболшыны қатарына қосу үшін келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: официальный сайт “Бешикташ”
Түрік клубының басшылығы бұл трансфер жайлы испандықтарға нақты көзқарастарын білдірді. Егер Зайнутдиновты маусым соңында 5 миллион еуроға сатып алатын болса, “Бешикташ” қысқы трансферлік ауысым кезінде Бахтиерды жалға беруге дайын.
Егер “Вальядолид” бұл қаражатты төлеуге келіссе онда отандасымыз испандық клуб тарихындағы ең қымбат екінші ойыншы болмақ. Бұған дейін, команданың қымбат ойыншысы Гансало Плата атанған еді. Шабуылшыны 2022 жылы португалдық “Спортингтен” 9 миллион еуроға сатып алған.
Бахтиер бұл маусымда “Бешикташ” сапында 12 рет алаңғы шығып, 1 нәтижелі пас авторы атанды. Бұған дейін, Зайнутдинов РПЛ-да “ЦСКА”, “Ростов” командаларында ойнаған еді.
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады
Мамандар инициация – бозбала мен бойжеткеннiң есейiп балиғатқа толуын қабылдау қаншалықты маңызды екенін айтты

